Алты микроқаржы ұйымының мүлкі тәркіленді.
Олар “Creditum”, “Sofi Finance”, “Hava Finance”, “SF Offline”, “POS Credit”, “Сәлем Кредит” ұйымдары. Олардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 327 мыңнан астам азамат зардап шеккен. Оларға келтірілген шығын көлемі 30 миллиард теңге.
Микроқаржы ұйымдарының есепшотына 1,8 миллиард теңге көлемінде тыйым салынды.
Микроқаржы ұйымын ұйымдастырушы 2 айға қамауға алынды. Оның жалпы құны 225 миллион теңге көлемінде 2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды.
Тергеу жалғасып жатыр.