ҚР Жоғарғы Соты республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырады.

Бүгін, 2025 жылдың 10 сәуірінде сағат 12:00-де Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналында мына сілтеме бойынша көруге болады: https://youtube.com/live/fi_9YLuIq6w?feature=share

БӨЛІСУ