Қызғалдақ гүлін жұлған жазаланбақ.
Түркістан облысында полиция “Қызыл кітапқа” енген қызғалдақты жұлған әйелге қатысты іс қозғады. Оның сирек кездесетін гүлді тергені түсірілген видео желіде тарап кеткен. Бұл жағдай Ордабасы өңірінде болған.
Енді әйел 3000 АЕК (11 796 000) көлемінде айыппұл арқалауы немесе қылмыстық тұрғыда жазалануы мүмкін. Оған Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша іс қозғалды. Тәртіп бұзушы 3 жылға дейін шартты түрде сотталуы да мүмкін.