Қоғамдық орындарда қорқор (кальян) өнімін пайдалануға заңмен тыйым салынған. Осыған байланысты қала бойынша дәмханалар мен мейрамханаларда рейд жүргізілді.
Жыл басынан бері 50-ге жуық құқықбұзушылық анықталса, бүгінгі рейд барысында көңіл көтеру және тамақтану орындарында 12 азаматтың қорқор пайдаланғаны белгілі болды. Осыған орай аталған жағдайға байланысты кәсіп иесіне және оны тұтынған азаматтарға заңға сәйкес тиісті шаралар көрілетін болады.