Қазақстанда алғаш рет «педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді.

Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:

Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;
Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;
Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.

БӨЛІСУ