Ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіріп кетті деген күдікке ілінді.
Оқиға 27 наурыз күні түстен кейін болған. Марқұм келіншек емханада заңгер болып жұмыс істеген. Кабинетінде жалғыз отырғанда экс-күйеуі кіріп, пышақпен шабуыл жасайды. Аса ауыр жарақат салған. Оқиға орнына жедел жәрдем дереу жеткенімен құтқару мүмкін болмады. Әйел ауыр жарақаттан көз жұмды. Артында екі баласы қалды.
Ер адам қылмыстан соң қашып кетпек болған. АлайдаАтырау облысы Құлсары қаласының полициясы 33 жастағы күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.