Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсететін жеке медициналық мекемелерді қоса алғанда, медициналық ұйымдар мен республикалық ғылыми орталықтардың рейтингін жасады.

Жалпы рейтингтік бағалауға меншік нысанына және бейіндік бағытына қарамастан, тоғыз негізгі санат бойынша бөлінген ҚР 20 өңірі бөлінісінде 772 медициналық ұйым жатқызылды.

Әдістемеге сәйкес рейтингті есептеу кезінде 14 клиникалық индикатор, сондай-ақ аккредиттеу туралы ақпарат және негізделген шағымдардың саны туралы мәліметтер ескерілді.

Республиканың 17 ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталығының ішінде «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ (Алматы қ.), «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ (Алматы қ.) және «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ (Астана қ.) рейтингіленгендердің арасында көшбасшы болып танылды.

24 көпбейінді балалар стационарының ішінде Алматы қаласының ДСБ «№2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Қызылорда облысының ДСБ «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК көшбасшы болды.

2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары, ҒЗИ және ҰО қызметін рейтингтік бағалау өңір мен республика деңгейінде медициналық көмек көрсету бейіндері бойынша саралауды жүргізуге мүмкіндік беретін өзекті әдістемеге сәйкес жүргізілетінін айта кеткен жөн.

БӨЛІСУ