Ақмола облысы Жақсы ауданының Есіл ауылында тұрғын үйлерді су басудың алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

 Жергілікті ТЖ күштерімен және ЖАО-мен су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмыстарға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің осы өңірге іссапарға жіберілген қызметкерлері де жұмылдырылды. 

  21 құтқарушы инертті материалдарды қапшықтарға салуға белсенді қатысуда. 2 күнде Қызылордалық құтқарушылар 1940 қапқа құм толтырды. Сондай-ақ, аула аумақтарынан қарды тазарту және шығару жұмыстарын жүргізуде. Бұл іс-шаралар тұрғын үйлерді су басудан сақтайды, жергілікті тұрғындар құтқарушылардың жұмысына дән риза. Құтқарушылардың оларды қиындықпен бетпе-бет қалдырмайтынына сенімді. 

БӨЛІСУ