Өгей әкесі 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға күштеп күйеуге берген. Бұл туралы “Не молчи” қоры хабарлады.
Қордың дерегіне сәйкес, оқиға Қарағанды облысының Абай ауылында болған. Өгей әкесі қызын күштеп күйеуге берген соң, 38 жастағы досы оны бес күн бойы зорлаған.
Қордан көмек сұрап, қыздың ағасы жүгінген. Ол жасөспірім бес күн бойы жалғасқан зорлық-зомбылықтан кейін әкесіне қашып келгенін айтты.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды. 38 жастағы “күйеужігіт” ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бүгінде жасөспірім туған әкесінің қасында, оған психологиялық көмек көрсетілуде және құқықтық қолдау берілетін болады.
Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл әкесімен байланыста, сондай-ақ ол өгей әкесі мен анасын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп жатқан көрінеді.