Польшада қазақстандықтардың бүйрегін сатқан Украина азаматшасы ұсталды.

Reuters мәліметінше, ұсталған әйел Қазақстанда адам ағзаларымен сауда жасаған қылмыстық топқа қатысқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған.

35 жастағы П.Ксения Польша-Украина шекарасындағы теміржол өткелінде ұсталды. Ол 2020 жылдан бері Интерполдың халықаралық іздеуінде болған екен. Енді Қазақстанға жіберілмек.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмыстық топ осы күнге дейін 56 бүйрек сатқан. Олардың құрбандары Әзербайжан, Қазақстан, Армения, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Таиланд азаматтары болған

БӨЛІСУ