Қоқыс жәшігінен нәрестенің мәйіті табылды.
Полиция мәліметінше, сәбиді қоқыс жәшігіне 44 жастағы анасы тастаған.
Мәліметке сәйкес, әйел жалдамалы пәтерде жалғыз тұрған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Жүктілік бойынша есепте тұрмаған. Әйелдің 5 баласы бар.
Әйелдің айтуынша, 22 ақпан күні кешкі сағат 20:00 шамасында үйде жалғыз босанған. Нәресте өмір белгілерінсіз дүниеге келген. Содан кейін оны қоқыс жәшігіне апарып тастаған. Әйел амбулаторлық бақылауда,жағдайы қанағаттанарлық.
Өскемен қалалық полициясы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.