Арал ауданындағы нөмірі 220 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, облыстық олимпиаданың екі мәрте жүлдегері Еркеназ Мәдиқызы Халықаралық IЕLTS емтиханын сәтті тапсырып, 8.0 балл жинады. Өңір тарихындағы мектеп оқушысы қол жеткізген ең жоғары нәтиже. Тілді меңгеру деңгейін растайтын С1 сертификатын иеленіп отыр. Бұл алыс аудандағы мектеп оқушысы үшін деңгейі биік жетістік.
Енді Еркеназдың ҰБТ-де ағылшын тілі пәні бойынша 50 баллды автоматты түрде иеленуге және Халықаралық университеттерге түсуге зор мүмкіндігі қолында.
Естеріңізде болса, жуырда алматылық Сая Қыдырәлі 17 жасында IELTS емтиханынан 9.0 ұпай алып, ерекше нәтижеге ие болған тұңғыш қазақ қызы атанғанды. Әлемде мұндай нәтижеге тест тапсырушылардың ілуде біреуі ғана қол жеткізе алады.