Тағы да мектеп оқушылары арасында.

Алматыдағы ойын сауық орталығында мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Кадрлардан жасөспірімдердің бір-бірін ұрып, орындықпен соққы жасағанын көруге болады. 

Мәліметке сенсек, төбелес шығарған №178, 181, 209 мектептің 10, 11-сынып оқушылары. 

Полиция қылмыстық іс қозғады. Барлық қатысушылар бөлімшеге жеткізілді. Ата-аналары жауапқа тартылып,  40 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. Балалар арнайы есепке алынды. Оларды үш жылға дейін соттау жазасы күтіп тұр. 

БӨЛІСУ