Семейде жасөспірімді соққыға жыққан 4 оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жасөспірім ұл-қыздардың жантүршігерлік әрекеттері әлеуметтік желіде кешеден бері қызу талқыға түсіп жатыр. Анықталғандай, №9 мектепте оқитын дәл осы озбырлар мұндай қылықтарымен бұрын да көзге күскен. Бірнеше рет айыппұл салынған. Абырой болғанда жәбір көрген 6-сынып оқушысы жазым болмай аман қалған. Қазір соққыға жығылған балаға психологтар көмек көрсетіп жатыр. Жеткіншектің денсаулығына қаншалықты зиян келгенін сот медициналық сараптамасы анықтайды.

 Бұл оқиға полицияның ерекше бақылауында. 6-7 сыныпта оқитын бұзақылардың ата-аналары да тергеліп жатыр. №9 мектептің басшыларына да қатаң шара қолданбақ.
Комиссия үш ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру және бір өкілге қатысты екі балаға қамқоршылықты тоқтату туралы ұсыныс жасады.
Барлық материалдар сотқа берілді, онда соңғы шешім қабылданады. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сот жасөспірімдердің мамандандырылған мекемеде болу мерзімін анықтап, ата-ана құқықтарынан айыру туралы түпкілікті қаулы шығаруы тиіс.

БӨЛІСУ