Кәсіпкерден ақша бопсалаған блогер ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz құқық қорғау органдары таратқан мәліметке сүйеніп.
ІІМ мәліметінше, блогер Қарабалық ауданында ұсталған. Ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.
Әлеуметтік желілерде әшкерелейтін материалдар жариялаймын деп қорқытып, бопсалау арқылы кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша талап еткен, делінген полиция таратқан хабарламада
Блогерді Қарабалық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Тінту барысында одан 15 млн теңге тәркіленді.
Бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтарда Алматыда 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен екі блогер ұсталған. Бұған дейін журналистер бұрын осындай қылмыстар үшін жауапқа тартылған блогерлердің тізімін жинаған.