Батыс Қазақстан аумағына ұшатын аппарат құлады.

Құрылғы 18 ақпанда сағат 23:00-де Бөкейордасы ауданы Ұялы ауылының маңынан табылған. Көлемі 120 сантиметр аппаратты жергілікті тұрғындар тауып алған. 

Полиция мәліметінше, аппарат француздық Sagem компаниясына тиесілі Crecerelle барлау ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсайды. 

Полиция уәкілетті қызметтермен бірлесіп тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, аудан аумағында Ресей Қорғаныс министрлігі жалға алған “Капустин Яр” әскери полигоны бар.

БӨЛІСУ