“Мүгедек балаларға арналған орталық саламын деп 22 миллион теңге жинап, өзіне жұмсаған”
Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов, Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді.
Айтуынша, Перизат мүгедек балаларға арналған орталық саламын деп аукцион ұйымдастырып, 22 миллион теңге жинаған. Бірақ қаржыны өз қажетіне жұмсаған. Тергеу наурыздың басында аяқталады.
Бұған дейін, 14 қарашада ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінген. Сондай-ақ ол Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңге жымқырған.
Қомақты қаражаттарды қолма-қол ақшаға айналдыруға анасы көмектескен деген күдік бар.