«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы өтуде.
Ағымдағы жылдың ақпан айының 18-20 аралығында интернет алаяктыққа қарсы бағытталған «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы Қызылорда қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің аумағында өткізілуде. Қазіргі уақытта кез-келген адамның смартфоны, планшеті бар соған байланысты интернет алаяқтардың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондай-ақ ауыспалы абоненттік нөмірлерді заңсыз пайдалануға байланысты интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткен фактілері туралы ескертеміз. Бұл жағдайда қылмыстық схемаларда қолданылатын телефон нөмірлері банктерге де, құқық қорғау органдарына да берілуі мүмкін. Осындай жағдайда интернет алаяқтардан сақ болу үшін пластикалық банк карталардың мәліметтерін, кодтарды, құпия сөздерді ешкімге хабарламауға белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын-ала төлем жүргізбеуге, күмән тудыратын сайттарға ақша аударымдарын жүзеге асырмауға шақырамыз.

Қызылорда қаласы әуежайындағы ЖПб

 

БӨЛІСУ