Түрмеде туған күн тойлаған: 16 басшы мен қызметкер лауазымнан босатылды.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы уақытша ұстау изоляторына тексеру жүргізілген. Видеоны мекеменің қызметкері ұялы телефонына түсірген анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және тиісінше бақылау жүргізбегені үшін 16 басшы мен қызметкер лауазымнан босатылуға дейін қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде УҰИ басшысы да лауазымнан босатылды», – делінген хабарламада.

Ведомство осындай мекемелерде жоспардан тыс тексеруді бастады.

БӨЛІСУ