Болат Назарбаевқа тиесілі болған мүлік мемлекетке қайтарылды деп жазады Stan.kz.

Экс-президенттің марқұм інісіне тиесілі болған Алматы ауыр машина жасау зауытының активтері мемлекетке қайтарылды. 

Сот шешімімен:

37 гектардан астам жер;

80 мың шаршы метрге жуық 94 тұрғын емес үй-жай қайтарылды. 

Прокуратура мәліметінше, аталған нысандар заңсыз сатылған. Нәтижесінде мәмілелер жарамсыз деп танылды. 

Айта кетейік, зауыт бұрын Болат Назарбаевтың бақылауында болған. 2023 жылдың наурызында билік экс-президенттің қайтыс болған інісін зауыт акцияларының 31,9 пайызын мемлекетке қайтаруға мәжбүрледі. Ол бұл акцияларды 2007 жылы алған.  

БӨЛІСУ