Ирак түрмесіндегі қазақстандық әйелдер елге қайтуға көмек сұрады.
Ирак астанасы Бағдаттағы “Русафа” түрмесінде қазақстандық алты әйел 2017 жылдан бері қамауда отыр, деп хабарлайды Азаттық арнасы.
Олардың айтуынша, ешқандай тергеу жүргізілмеген, сот үкімі шықпаған, не үшін түрмеде отырғандарын да білмейді.
Азаттыққа берген сұхбатында Роза Мансұрова, Эльмира Омарова, Елена Бердникович, Зарина Кариева, Наталья Кальюша мен Захра Қаһарманова бұл түрмеге 2017 жылы түскендерін және бір-бірімен осы жерде танысқанын айтты.