Ұлытау облысындағы шахта апаты: Алты жұмысшының денесі табылды.

ТЖМ-ның хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның алты жұмыскерінің денесін тапты. Олардың аты-жөні анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Жетінші адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Оқиға орнында Қазақстан ТЖМ күштері жұмыс істеуде.

Еске салсақ, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кенішінде тау жынысы опырылып түсіп, жер астында 7 жұмысшы қалып қойды.

Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері оқиға орнына жетіп, апаттық-құтқару жұмыстарына кірісті.

БӨЛІСУ