14 ақпанда елордада Сарыарқа ауданында Гёте көшесінде жарылыс болған. ҚТЖ бөлімшесі кезекшісінің мәліметінше, 12-ші сұрыптау жолында платформадағы контейнерде жарылыс болды.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар келді. Өрт болған жоқ. Зардап шеккендер болмады. Оқиға нәтижесінде бір адам жарықшақтан қолын аздап кесіп алған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнында көмек көрсетіп, ауруханаға жатқызу қажеті болмады. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары нақтылануда.