Экс-шенеунік Ержан Бабақұмаров 15 тәулікке қамалды. Әрі 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп жазады Alash.KZ.

Астана полициясы Toyota Land Cruiser Prado көлігін тоқтатып, Бабақұмаровтың жеңіл дәрежедегі мас күйінде рульде болғанын анықтады.

Ержан Бабақұмаров “Орталық коммуникациялар қызметінің” бұрынғы директоры, экс-президент кеңесшісі және Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары болған.

БӨЛІСУ