Ақсудағы пансионат қызметкерлері қарттарды ұрып соғып, қорлық көрсеткен
Мекеме жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Бұл жердің қызметкерлері екі қарияны үнемі ұрып-соғады екен. Қыста сырт киімсіз сыртқа шығарып жіберген кездері де болыпты. Зардап шеккендердің бірі 84 жаста.
Прокуратура “азаптау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кінәлілер анықталып, тиісті жазасын алады.