Сусындарға есірткі қосу қаупі: полиция азаматтарға үндеу жасады.
Соңғы жыл ішінде елімізде 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. Олардың ішінде сусындарға есірткі заттарын араластыру жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай қылмыстардың құрбандары дәрменсіз күйге түсіп, тонау, зорлық-зомбылық және басқа да қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін полиция сұйықтықтағы есірткіні анықтайтын экспресс-тесттерді қолдануды ұсынады. Бұл шағын әрі қолдануға оңай жолақтарды дәріханалардан сатып алуға болады: олар бар болғаны бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі.
Бұл әдіс арнайы білімді қажет етпейді және өміріңізді сақтап қалуға септігін тигізеді. Сақ болыңыз және осы сақтық шараларын достарыңыз бен жақындарыңызға ескертіңіз.