“Денесін бөлшектеп, тоңазытқышта сақтаған”
Оқиға 25 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында болған. Сотталушы Панаскин кешкі сағат 23:00 шамасында танысы Михаил Лукиннің үйіне барған. Үйде ортақ танысы 1982 жылы туған Денис Кузменко болған. Олар бірге ішімдік ішкен.
Араларындағы жанжал оттықты таба алмаудан басталған. Панаскин Кузменконы ұрып-соғып, пышақтаған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Кейін Панаскин мен Лукин пәтерден кетіп қалған.
27 қыркүйекте сағат 03:00-де Лукин қылмысты жасыру үшін пәтерге келген. Сосын денені жуынатын бөлмеге апарып, аяқ-қолын кесіп алған. Оны карьерге апарған. Кейін дененің өзге мүшелерін бөліп, иіс шықпас үшін тоңазытқышқа салған.
Қанды оқиға жоғалған адамды іздеу кезінде анықталды. Нәтижесінде денені бөлшектеген Константин Панаскин 11 жылға, сыбайласы Михаил Лукин 4 жылға сотталды.