Қызылорда облысында есірткі заты – марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қызылорда облыстық прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің полиция қызметкерлерімен есірткі тасымалының жолын кесті.
“Атап айтқанда Самара-Шымкент тасжолы бойының, Төретам кенті тұсында жылдамдық режимін бұзған автокөлік тоқтатылып жолаушыны тексеру барысында 4 полиэтилен пакетке оралған салмағы 20 келі болатын психотроптық зат кептірілген марихуана анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді”, – делінген хабарламада.
Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған.