Дипломдық жұмыс үшін ақша жинаған колледж директоры жеңіл жазамен құтылды.
ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Такишеваға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу түрінде жаза тағайындалды. Енді ол 2 жыл мемлекеттік және каммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқара алмайды. Сондай-ақ жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады.
Такшиеваның үйін тінту кезінде 816 мың теңге табылды. Оның 500 мың теңгесі негізсіз сатылып алынған мүлік құны есебі ретінде мемлекет кірісіне өндірілетін болды. Қалған ақша сотталушыға қайтарылады.
Сотталушы Такишева 51 жаста. Білімі жоғары, бұрын сотталмаған. Ырғыз ауданының тумасы. Оған пробация тәртібін бұзса, сотталатыны ескертілді.