Қызылордалық полицейлермен «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында құқық бұзудың 75 дерегі анықталды.
Ағымдағы жылдың 01-28 ақпан күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 10 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 75 дерегі анықталған, 6 қылмыстық іс және 69 әкімшілік құқық бұзушылық.
Оның ішінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) 54 дерегі анықталды. Заңсыз балық аулау (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) бойынша 5 дерек анықталды. Тіркелмеген қаруды сақтаудың (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы) – 4 дерегі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.