Сержант сарбаздарды темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеген.
Оқиға Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінде болған. 42 жастағы взвод командирі Керімов медициналық рота аумағын тазалау кезінде темекі тұқылын тауып алған. Ол екі әскериді шақырып, темекі тұқылын жеуді бұйырған. Олар бұйрыққа бағынған. Сосын бірі сэндвичтен уланғанын айтып, дәрігерге шағымданған.
Бір күннен кейін Керімов жатын бөлмедегі тәртіпсіздікке шағымданған. Екі сарбазды шақырып, біреуін бірнеше рет тепкілеген. Сосын еңкейіп тұруға мәжбүрлеп, аяғынан, жамбасынан және иығынан ұрған.
Сот шешімімен сержант 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ сот сотталушы барлық жаза мерзімінде 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тартылады.