Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына жұмыс сапары барысында «Ақшатау» елді мекеніндегі жаңа мектептің жұмысымен танысты.

Қыркүйек айында 60 орындық жаңа нысан ашылғанша шәкірттер бастауыш мектепке бейімделген ғимаратта оқып келген болатын. Енді ауыл балалары бастауыш сыныпты аяқтаған соң аудан орталығына бармай-ақ, өз үйлерінде, ата-аналарының қасында оқуын жалғастырады. Білім ордасы спорт, акт залдарымен, асхана, кітапханамен және жекелеген пәндік кабинеттермен жабдықталған.

Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады.

БӨЛІСУ