Шымкентте 20 күн бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған ақпаратты Шымкент қаласының Полиция департаменті растады.

Бәйдібек Еділбек 14 қаңтарда Шымкентке көлік құжатын алу үшін барған. Түркістан облысы Шұбарсу ауданынан қалаға досымен келіп, оны әуежайға шығарып салыпты. Кейін “ауылға қарай таксиге отырдым” деп әкесімен хабарласқан жігіт түскі 15:00-ден кейін байланысқа шықпаған.

20 жастағы жігіттің мәйітін қаладағы еріктілер іздеп тапқан. Еріктілердің айтуынша, ол көшелердің бірінде суицид жасаған.

БӨЛІСУ