Жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам тірідей жанып кетті.
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бірнеше адам отқа оранды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Криминальный Казахстан Telegram арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға 3 ақпан күні Кентау-Түркістан тасжолының 7-шақырымында болған. Audi маркалы екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан өрт шыққан.
Алдын ала деректерге сәйкес, алты адам оқиға орнында көз жұмды, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілген. Көліктердің бірінде шетел азаматтары болғаны анықталды. Қаза тапқандардың арасында 17 жастағы үш жасөспірім мен 20-ға толмаған екі бозбала бар.
Сондай-ақ 27 апталық жүкті әйел де апат салдарынан көз жұмған. Қалған жолаушылардың жеке басы анықталу үстінде.