“Анасынан қалған мұраның бір бөлігін заңсыз тартып алған”: Төлеутай Рақымбековтың қызы әкесін сотта жеңіп шықты.

Бұл туралы оның қызы Instagram-дағы парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Мен азаматтық сотта өз ар-намысымды қорғап, жеңіске жеттім! Менің әкем, «АУЫЛ» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков маған қатысты жалған ақпарат таратып, менің ар-намысымды қорлағаны үшін сот коллегиялық шешім шығарды. Бүгін мен сіздермен қуанышты жаңалығыммен бөліскім келеді: еліміздің сот жүйесі менің ісімді қарап, әділ шешім шығарды!

Менің азаматтық және қылмыстық істеріме қатысты нақты ақпарат бергім келеді. Қазіргі таңда мен жәбірленуші ретінде қатысып отырған қылмыстық іс бойынша «алаяқтық» бабы аясында сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Бүгін мен азаматтық іс бойынша жеткен жеңісім туралы хабарлағым келеді. Бұған дейін Рахымбеков Төлеутай тарапынан маған қатысты шындыққа сәйкес келмейтін, мені қаралайтын, нашақор деп айыптайтын жалған мәлімдемелер жасалды. Бұл жалған ақпарат менің беделіме, қоғамдағы абыройыма нұқсан келтірді. Тіпті, менің айтқандарымды жоққа шығарып, адамдарды маған сенбеуге шақырған жазбалар жарияланды.

Бұл мәлімдемелердің ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Мүмкін, мұндай әрекеттер мен жәбірленуші болып отырған қылмыстық істердің әділ тергелуіне кедергі келтіру мақсатында жасалған болар.

Алайда, 2025 жылғы 22 қаңтарда әділеттілік салтанат құрды! Сот алқасы істің барлық мән-жайын мұқият қарап, әділ шешім қабылдады: Төлеутай Рахымбеков менің ар-намысым мен абыройымды қорлайтын жалған ақпарат таратқаны анықталды.

Мен соттың әділ шешім шығарғанына алғысымды білдіремін! Бұл мен үшін жай ғана заңды жеңіс емес – бұл әділеттілікке деген сенімнің қайта орнауы.

Осындай сот шешімдері бізге үміт сыйлайды, шындық әрдайым өз орнын табатынын дәлелдейді!”, – деді Айбота Рақымбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Айбота Рақымбекова экс-депутат, өзінің әкесі Төлеутай Рақымбектов оны “бала кезінде екі рет зорлап, кейін анасынан қалған мұраның бір бөлігін заңсыз тартып алғанын” айтып, бірнеше видео жариялаған болатын. Өзіне тиесілі “мүлкінен айырылған ол баласымен бірге дағдарыс орталығында тұратынын” айтып, президентке үндеу жолдаған еді.

Автор: Ғалымжан  Сәңкібаев

БӨЛІСУ