Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа үкім шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот үкімі бойынша, Мажағұлов 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Екінші сотталушы Қанапин 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, сот Мажағұлов пен Қанапинді 1 миллиард 86 миллион теңге көлемінде материалдық шығынды бірлесіп өтеуге міндеттеді.