Қазақстанда 19 мыңнан астам бала аутизм диагнозымен тіркелген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі хабарлады,-дейді Астана тв.

Соңғы бес жылда Қазақстанда аутизм диагнозы қойылған бала саны бес есе артқан. Оларға арналған 10 аутизм орталығы мен 13 қана оңалту орталығы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Қазақстанда ерекше білім беру қажеттілігі бар 230 мың бала тіркелген. Бұл санаттағылар үшін 44 арнайы балабақша мен 99 арнайы мектеп бар.

Қазір елімізде 221 кешенді педагогикалық-психологиялық көмек көрсету орталығы, 105 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету үшін 1071 кабинет жұмыс істейді.

Өкінішке қарай, дәрі-дәрмектермен емдеудің тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген жоқ.

Ата-аналар тегін көмек ала алады. Баланың қоршаған ортаға бейімделуіне көмектесу үшін дефектологтар, логопедтер, психологтар, невропатологтар және басқа да білікті мамандарға жүгінуге болады.

БӨЛІСУ