Шиелі аудандық сотында Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4) тармағы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Д. алаяқтық жолмен табыс табу мақсатында, «Telegram» әлеуметтік желісінде «Вахта 28-28 бетонщик, арматурщик жұмысшылар қажет» деген атаумен парақша ашып, өзінің абонеттік номерін қалдырып, жалған жарнама жариялаған.

Жәбірленуші К. оның жалған жарнамасын көріп, жұмысқа орналасу туралы ұсынысқа қызығушылық танытып, сотталушы Д.-мен «Whats App» қосымшасы арқылы хат алмасып, сөйлескен.

Осыдан кейін сотталушы Д. оған жұмысқа орналастыруға тіркеу жұмыстарын жүргізу қажет деп, сөзіне толықтай сендіріп, алдын ала төлем жасау үшін өзінің атындағы абонеттік номеріне тіркелген «Kaspi bank» АҚ қосымшасына 300 000 теңге аудартып алып, ақша қаражаттарын иеленіп, жеке бас пайдасына жаратқан.

Осылайша, сотталушы Д. ақпараттық жүйені пайдаланушының сенімін теріс пайдалану, алдау жолымен жәбірленушіге жалпы 300 000 теңге мүліктік шығын келтірген.

Сот үкімімен Д. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

БӨЛІСУ