Қызылорда облысында «Қару» жедел профилактикалық шарасы  өткізілуде.

Облыс көлемінде қарумен жасалатын қылмыстарды алдын алу және болдырмау мақсатында қаңтар айының 28-31 күндері, яғни бүгіннен бастап «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шараның басты мақсаты–қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, заңсыз айналымнан атыс қаруын тәркілеу, ұрланған және жоғалған қаруды іздестіру және тіркелген қару иелерін тұрғылықты мекен жайлары бойынша сақтау талаптарын тексеру болып табылады.
Аталған іс-шараға байланысты, облыс көлеміндегі қару иелерін қаруларының сақталу заңдылығын тексеру бағытында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

БӨЛІСУ