Прокуратура балаларды қорғау мақсатында тыйым салынған сайттарды бұғаттады.
Информатика сабағында оқушылар тыйым салынған сайттарға кірген. Бұл пән мұғалімі тарапынан жіберілген өрескелдік.
Осылайша, Жетісу облысындағы 7 мектепте 4 мың оқушы информатика кабинетіндегі тыйым салынған сайттарға, соның ішінде «Игра Сатаны» діни ресурсын және мазмұны ересектерге арналған сайттарға кірген.
Прокурорлық қадағалау актісімен бұл сайттар бұғатталған. 7 мұғалім жол берілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура ата-аналарды балалардың виртуалды белсенділігін үнемі қадағалап отыруға және олардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуға шақырады.