Бүгін “112” құтқару пультіне мұз жарылып көлік батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар Айнакөл елді мекені тұсындағы көл бетіндегі мұз шытынап Шымкент қаласынан ғылыми зерттеуге келген геологтардың мұзға батып қалған көлігін шығарып берді. Өз кезегінде Қызылорда өңірін зерттеуге келген геолог мамандар құтқарушыларға риясыз алғысын білдірді.
Құтқарушылар су бетіне қатқан мұздың қалыңдығына көз жеткізбей көлікпен тәуекел етіп шықпауға кеңес береді.

БӨЛІСУ