Жалпы табиғи газ елдің экономикалық өсуінің ең маңызды мультипликативті әсерлерінің бірі болып табылады.
Өздеріңіз жақсы білетіндей, Қызылорда облысын газдандыру жұмыстары 2004 жылы «Ақшабұлақ-Қызылорда» магистралды газ құбырының құрылысынан басталды.
2014 жылы «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбыры пайдалануға беріліп, 2015 жылы 4 аудан орталығы (Арал, Қазалы, Шиелі Жаңақорған) және Байқоңыр қаласы газдандырылды. 2021 жылы Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарының орталықтарына табиғи газ жеткізілді.
Осылайша облыс тұрғындарын газдандыру қарқынының жаңа кезеңі жүзеге асты.
Табиғи газ өңірімізге 20 жыл бұрын келсе де, бүгінде газдандыру деңгейі бойынша өңіріміз республика бойынша 6 орында орналасқан.
Өткен 2024 жылы мемлекет басшысының қолдауымен және облыс әкімінің ықпалымен газдандыру жобаларына жалпы 30 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінді.
Аталған қаржыға жоспарланған 11 елді мекенді (Алмалы, Ақтоған, Бестам, Абай, Төретам, Төменарық, Ақсу, Шәменов, Сейфуллин, Тоқмағанбетов, Сексеуіл) газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, табиғи газға қосылды. Жоспарланған 400 шақырым газ құбырының орнына, 461 шақырым (115%) газ құбыры салынды.
Осылайша 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газбен қамту деңгейін 78 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 46-ға жеткізілді.
2024 жылдан өтпелі 4 елді мекенді (Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал) газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, 2025 жылдың басында газ жүйесіне қосылды.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін 5 елді мекенді (Ақтан батыр, Дүр Оңғар, Шаған, Н.Ильясов, Сабалақ) газдандырып, газбен қамту деңгейін 83 пайызға өсіру жоспарлануда.
Б.Н. Ізмағамбетов
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық
шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары