ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2018 жылы таратылған «Сырдария аудандык туберкулезге карсы диспансері» МКК-ның есеп-шотындағы 8 200 000 теңге көлеміндегі қаржыны алдау жолымен жымқарған Расилов есімді азаматтың жолын кесті.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2023 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалынан МКК басшыларының атынан жалған сенімхат арқылы «әрекетсіздік мәртебесін есептен алу туралы» және «пайдаланушыны «Online bank>>> жүйесіне қосу туралы» банктік құжаттардың нысандарын ұсына отырып, банк филиалының автокассаларынан ақшалай қаражатты алып алғаны анықталды. Бұл өз кезегінде мемлекетке 8 200 000 теңге көлемінде ірі залал келтірді. Күдіктіге катысты сот үкімі шықты.

Сотталушы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1)- тармағымен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін- өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында материалды жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 4 (төрт) жыл мерзімге айыра отырып, 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Тергеп тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық өндірілді.

БӨЛІСУ