19 киікті атқан төрт қызылордалық құрықталды.
Қызылорда облысы Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында «Тойота» автокөлігімен киік жануарын заңсыз тасымалдаған төрт аудан тұрғынын құрықтады.
Көлікті тексеру барысында автокөліктің артқы орындығынан тіркелмеген қару табылды және прожектор, 2 дана «PUXING» үлгідегі рациялары, арқан жіп айғақ заттар ретінде алынды.
Сонымен қатар, автокөлік тіркемесіне қарап-тексеру барысында, 19 дана киік табылды.
Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты сот «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.