Ақтөбеде белгісіз ер адам бөтеннің үйіне басып кіріп, бір отбасының үш мүшесін кепілге алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
13 қаңтар күні кешкі сағат 20:00-де «102» пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен арнайы жасақ барып, жедел операция өткізді. Нәтижесінде, күдікті ұсталды.
Кепілде болған қыз бен оның ата-анасы жарақат алғандықтан ауруханаға жеткізілді.
Күдіктінің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.
24kz-тің мәліметінше, кепілге алынған екі адам көз жұмды. Бірі ауруханаға апара жатқанда, ал екіншісі операция үстелінде қайтыс болды. Үшінші жәбірленушінің жағдайы ауыр.