Ақтөбе қаласындағы Мәскеу ауданында белгісіз біреу қызды кепілге алды., – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазір келіссөз жүріп жатыр. Әлеуметтік желіде тараған видеодан оқиға орнына жедел жәрдемнің, өрт сөндірушілер мен полицейлердің келгенін көруге болады. 

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102-ге қоңырау қызды кепілге алғаны туралы хабарлама түскен. 

«Жер үйлердің біріне белгісіз адам кіріп кеткен. Ол қызды кепілге алған. Оқиға орнына шұғыл қызметтің бәрі жетті, аумақ қоршауға алынды. Облыстық полиция департаментінің бастығы, қала прокуроры оқиға орнында жүр. Қазір келіссөз жүріп жатыр», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ