Қызылордалық полицейлер жоғалып кеткен баланы аман – есен тапты.
Қызылордада 10 қантар күні сағат 17:00 шамасында 7 жастағы бала үйінен «ойнауға кеттім», – деп белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. 102 ге хабарлама түскен сәттен бастап Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы дереу іске кірісті. Жақын маңдағы барлық көшелерді, аулаларды мұқият аралап, жалғыз жүрген баланы көруі мүмкін деген куәгерлер мен жолаушылардан сұрастырды. Оған қоса бейнебақылау камераларын сүзгіден өткізді.
Жүргізілген іс – шараларының нәтижесінде екі сағаттың ішінде бала қала аумағында адасып жүрген жерінен аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды.
Дін аман табылған жасөспірімнің анасы 102-ге хабарласқан сәттен бастап, бірден іздестіруге кіріскен және кәсібилік пен жеделділік танытқан Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкерлері алғыстарын жеткізді.