Қызылорда облысында Жаңа жыл түнінде 7 қылмыс ашылды.

Облыс бойынша барлығы 472 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде, қоғамдық орындарда мас күйде болған 32 адам, түнгі тыныштықты бұзған 21.

Жылдамдықты шамадан тыс асырған 54, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 12 жүргізуші анықталып, тиісті әкімшілік шара көрілді.Сонымен қатар, мас күйінде көлік тізгіндеген 2 жүргізуші де жауапқа тартылды. Жеке құраммен атқарылған жұмыстарының нәтижесінде төтенше жағдайға жол берілген жоқ.

БӨЛІСУ