12 желтоқсанда өткен Әдеп жөніндегі Кеңесте 6 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінше және екінші мәселелермен Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2024 жылы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикалық бағытында атқарған жұмысының қорытындысы мен Қызылорда қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2024 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары тыңдалып, Кеңес тарапынан тиісті ұсыныстар енгізілді. Үшінші мәселе бойынша 2024 жылдың ІІ жартыжылдығында арналған талдау іс-шараларына сәйкес 2023 жыл мен 2024 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін оқыту (қайта даярлау және біліктілігін арттыру) тәжірибесіне жасалған талдаудың нәтижелері қаралып, бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстарды енгізу жөнінде шешім қабылданды. Ал, күн тәртібіндегі төртінші мәселемен Әдеп жөніндегі кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Сонымен бірге, күн тәртібінде соңғы мәселе ретінде 2 лауазымды тұлғаға қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы ұсыныстар қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

БӨЛІСУ