«Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі» атты форум өтті
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен «Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі» атты форум өткізілді.
Шара барысында республикалық «Саналы ұрпақ» слеті жеңімпаздары «Сыр жастары» тобы, және жас ақындар мүшәйрасы жеңімпазы Бүркітбай Сағыныш, облыстық сурет байқауы қатысушысы Мүсілім Зере, Қорқыт ата университетінде өткен студенттер арасында «ANTIPARAGFT» интеллектуалды сайысының қатысушысы Анарбай Шамиль өз шығармашылық жұмыстарын таныстырды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Қуаныш Ахметқалиев, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Қаюпов сөз сөйлеп, атаулы күнге орай ұйымдастырылған түрлі байқаулардың жеңімпаздарын марапаттады. Кеш ары қарай қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

БӨЛІСУ